Денесінде 60-тан астам жарықшақ қалған Руслан Берденов Қытайға барды

Qaz365.kz редакциясы
Сырымбек Таудың парақшасынан

Әлеуметтік желілерде кәсіпкер Руслан Берденовтің Қытайда жүрген суреті пайда болды. Фотоны бизнесмен Сырымбек Тау өз парақшасында жариялап, кейін өшіріп тастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Суреттен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді де көруге болады. Берденовтің бұл сапары кәсіби мақсатпен байланысты болуы мүмкін.

Сонымен қатар кәсіпкер тағы бір видеоны бөліскен. Онда Қытай астанасы Бейжіңде "Sandyq" мейрамханасының ашылатыны айтылады.

"Sandyq мейрамханасын Бейжің қаласында ашып жатырмыз. Мемлекет басшысының алдында Sandyq жобасын таныстырамыз", – дейді жоба өкілі Нұржан Ниязалиев.

Еске салсақ, 2021 жылы Руслан Берденов серіктестерімен бірге бірнеше қалада «Sandyq» мейрамханалар желісін іске қосқан.

Қастандық оқиғасы

2024 жылдың сәуірінде Руслан Берденовке қастандық жасалды. Оған Ернар Жиенбай 5 рет оқ атып, кәсіпкер ауыр жарақат алған еді. Дәрігерлердің мәліметінше, оның денесінде 60-тан астам жарықшақ қалған. Арнайы ота жасалып, жағдайы тұрақтандырылды.

20 тамызда сот Ернар Жиенбайды адам өлтіруге оқталды деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Ал 29 тамызда Руслан Берденов қызметінен кеткені хабарланды.