«Жалған ақпарат»: Мұрат Нұртілеу өзінің «ұсталғанына» қатысты пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Ол Парламенттің бірлескен отырысына келді. 

GOV.KZ

Премьер-министр орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бүгін Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысына қатысты. 2025 жылғы 8 қыркүйекте Үкімет кулуарында ол өзінің ұсталғаны жайлы тарап жатқан сыбыстарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл – жалған ақпарат, абсурд. Кейде адамдардың көктемде де, күзде де ойына түрлі нәрсе келеді ғой. Шынымды айтсам, мұны талқылаудың өзі артық. Өзіңіз көріп отырсыздар: мен жұмыста болдым, кеңестер өткіздім, басқа елдердегі әріптестеріммен телефон арқылы сөйлестім, инвесторлармен кездесулер болды – бәрі қалыпты жағдайда жүріп жатыр, – деді министр.

Тілшілер министрден «осы дауға байланысты сотқа жүгінесіз бе?» деп сұрады.

Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан – зайырлы ел. Барлық мәселемен айналысатын тиісті органдар бар, қажет болса, солар қарайды. Ал мен өзіме қатысты мұны мәселе деп қабылдамаймын, – деп жауап берді Нұртілеу.

Сыртқы істер министрі президент жолдаудан соң шетелдік іссапарға шығатынын нақтылады.