Ақордадағы жаңа тағайындаулар

Qaz365.kz редакциясы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше кадрлық ауыс-түйіс жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тағайындау

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі әрі Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.

Ақорда мәліметінше, Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ал Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.