21 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына барады. Мемлекет басшысы мұнда үш күн болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөздер өткізеді. Сонымен қатар АҚШ бизнес-капитандарымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесулер жоспарланған.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нью-Йоркке соңғы рет 2023 жылдың қыркүйегінде жұмыс сапарымен барған болатын.
Еске салсақ, тамыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесіп, Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталығының жұмысы, БҰҰ-ны реформалау, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылаған еді.