Әңгіме 256 млрд теңге хақында: Болат Назарбаевтың ұлы қандай мүліктерінен айырылды

Qaz365.kz редакциясы

Сот шешімі түпкілікті күшіне енді және қайта қарауға жатпайды

Ашық дереккөздерден

«Жаңа Қазақстанның» қара тізіміне енген Нұрбол Назарбаевты Активтерді қайтару комитеті сотқа берді. Сот ісі немен аяқталды және ҚР бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры қандай активтерінен айырылуы мүмкін екендігі туралы Qaz365.kz тілшісі хабарлайды.

Orda.kz басылымының мәлімдеуінше, Қаржы министрлігі жанындағы Активтерді қайтару комитеті Нұрбол Назарбаевтан шығу тегі күмәнді байлықты тауып, оны сотқа берді. Редакция сот қаулысының көшірмесін қолға алды.

Көрінбейтін майдан

Олигархтардың ірі активтері туралы істер жайында жиі айтылмайды. Процестер көбінесе жабық есіктің арғы жағында өтіп жатады. Сондықтан сот шешімінде егжей-тегжейлі баяндалмайды. Алайда Комитеттің Нұрбол Назарбаевқа берген талап арызы толығымен қанағаттандырылды.

Назарбаевтан мемлекет пайдасына 106,75 млн АҚШ доллары (бүгінгі бағам бойынша 57 млрд теңге) өндірілді. Сондай-ақ сот оған 1,75 млн доллар айыппұл (925 млн теңге) және 230,4 млн теңге тұрақсыздық айыбын төлеуге міндеттеді.

Талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін сот қатаң шектеулер қойды. Кіші Назарбаевтың барлық банктік шоттары бұғатталып, оған компаниялардың кірістері мен жеке мүлкін басқаруға тыйым салынды, бизнес құрылымдарды толық бақылаудан айырды.

Нұрболдың адвокаттары процессуалдық бұзушылықтарға сілтеме жасай отырып, бұл қатаң шараларға қарсы шықты, бірақ сот «ҚР АІЖК-нің 155-бабы бойынша, егер оларсыз шешімді орындау қиын немесе мүмкін болмаса, сот тараптардың өтініші бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдай алады» деп атап көрсетті.

Апелляция да нәтиже бермеді. Сот шешімі түпкілікті күшіне енді және қайта қарауға жатпайды.

Жабық процесс және жаңа талап арыздар

Оқиға мұнымен аяқталған жоқ. Бүгін Астананың ауданаралық сотында жаңа талқылау басталды. Енді іске ҚР Бас прокуратурасы жанындағы қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания қосылды. KazTAG жазғандай, жауапкер ретінде тағы да Нұрбол Назарбаев тартылды. Көп ұзамай сот кабинетіндегі бұл туралы ақпарат жоғалып кетті.

Процестің өзі жабық режимде өтіпт жатыр. Бұл туралы қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания: «Ақпарат құпия, сондықтан біз түсініктеме бере алмаймыз» деп қысқа қайырды.

Осылайша, Қаржы министрлігі Нұрбол Назарбаевтан заңсыз жолмен тапқан байлығын анықтап, енді оның 106 млн доллардан астам қаржыға бағаланған активтеріне Бас прокуратура иелік ететін болады.

Мұраға қалған қандай мүліктері мен бизнес империясы сатылады

Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін оның өсиет қалдырған-қалдырмағаны белгісіз болып қалған еді. Тек кейінірек оның жалғыз мұрагері ұлы Нұрбол екені белгілі болды. Оның меншігінде Шамалғандағы қара шаңырақ, зәулім үйлер, Бурабай мен Щучинск жерлерін қоса алғанда ондаған жер учаскелері, сондай-ақ Жамбыл ауданындағы атшабар орналасқан кең аумақ сияқты жылжымайтын мүліктер болды.

Мүліктердің ішіндегі ең ауқымдысы – Алматыдағы BNC Plaza бизнес орталығы. Ресми түрде ол мұраға жатпайды. Нұрбол әкесінің көзі тірісінде-ақ «PrimeCapital Re Plaza» ЖШС-нің соңғы бенефициары болған еді.

Оның басқа компанияларының арасында мыналар бар:

  • «PLS инвестициялық-құрылыс компаниясы» ЖШС;
  • «PLS-TM» ЖШС;
  • «Prime Capital Holding» ЖШС;
  • «Prime Capital Plaza BC» ЖШС;
  • «Prime Capital Invest» ЖШС.

Бүгінде Назарбаевтар тұқымы капиталының төңірегінде айқас жүріп жатқаны жасырын емес. Ірі активтер туралы істер жайында жиі айтылмайды.

Қара тізімдегі элита өкілдерінің қатарында Тимур Құлыбаев, Қайрат Сатыбалды, Қайрат Боранбаев, Қайрат Шәріпбаев бар. Соңғысы билікпен келісімге келіп, активтерді өз еркімен қайтарды.