Украина президенті келіссөз өткізуге ықтимал мемлекеттердің ішінде Қазақстанды да атады
Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келіссөздерді Қазақстанда өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл жайлы ол Fox News арнасына берген көлемді сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жүргізушінің «Путинмен жүздесуге қаншалықты мүмкіндік бар?» деген сұрағына Зеленский келіссөзден қашпайтынын, алайда кездесуді Мәскеуде өткізуге болмайтынын атап өтті.
«Біз әртүрлі орындарды ұсындық – Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар, Австрия немесе Швейцария сияқты бейтарап Еуропа елдері. Қаласаңыздар, мәселен, Қазақстанда да кездесе аламыз, – деді Украина президенті.
Зеленскийдің бұл мәлімдемесі екі ел арасындағы соғыстың тоқтауына бағытталған ықтимал дипломатиялық қадамдардың бірі ретінде бағаланып отыр.