ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне Айдар Садырбаев тағайындалады деп күтілуде

Qaz365.kz редакциясы

Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Айдар Садырбаев тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Oskemencity-ге сілтеме жасап.

Айдар Садырбаев еңбек жолын қарапайым мұғалімдік қызметтен бастаған. Кейін мемлекеттік қызмет саласында түрлі жауапты лауазымдарды атқарды.

Ол бұған дейін Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Семей қаласы әкімінің орынбасары, Абай облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы, сондай-ақ AMANAT партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы қызметтерін атқарған.