Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол бұған дейін 2022 жылдың қазан айынан бастап Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшісі қызметін атқарған. 2020–2022 жылдары Ілиясов Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты өкілі болды. Ал 2016–2020 жылдары Нидерланд Корольдігіндегі Елші және Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы Тұрақты өкіл қызметін атқарған.
Сонымен қатар ол Исландия мен Ирландиядағы Елші қызметін қоса атқарудан босатылды.