Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы
tinfo.kz

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қанат Болатұлы Есболатов 2025 жылғы 3 қарашадан бастап облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қанат Есболатов 1982 жылы туған. 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы «Досанов» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары қызметінен бастаған. Кейін Алматы облысы қаржы басқармасында, «Megaron & K» ЖШС-де және Ескелді ауданы әкімдігінде түрлі жауапты лауазымдарды атқарды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары және басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі болып қызмет етті.