Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барады

Qaz365.kz редакциясы
РИА Новости / Алексей Дружинин

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11–12 қараша күндері Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сапар барысында Қазақстан Президенті Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Орал қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Сапар нәтижесінде бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.