Ол қолдау білдірген жандарға алғысын айтты
«Amanat» партиясы ҚР Парламенті Мәжілісіне партиялық тізіммен баратын депутаттардың тізімін жариялады. Партия атынан “Жайдарманның” негізін қалаушы Есен Елеукен де сайлауға түскен болатын. Алайда ол тізімге енбеді, деп хабарлайды Qaz365.kz
Ол идеяларын Парламент қабырғасында болмаса да, қоғамдық жұмыс ретінде атқара беретінін жеткізді.
“Құрметті менің қолдаушыларым мен жанкүйерлерім!
Бір айдан астам уақытқа созылған сайлау науқанында еліміздің біраз аймағын аралап шықтым. Халықтың берген аманатын жинап, оны заңшығарушы мінберінен көтеруге ниет еттім.
Осы істе мені қолдап, сайлауға кеп дауыс берген барша жақтастарыма, үнемі мені көтермелеп келген жайдарманшы бауырларыма мың алғыс!
Өз идеяларымды Парламент қабырғасында көтере алмасам да, бәрібір қоғамдық жұмыс ретінде атқару өз міндетім деп білемін!
Барша қолдау білдірген ағайынға мың сан рахмет! Болашаққа деген сеніміміз де, қызмет ететін күш-қуатымыз да мол!” – деп жазды ол Facebook парақшасында.