Ресейге мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің атынан Кремльде ресми қабылдау өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан мен Ресейдің тарихи және рухани байланыстарының терең тамырын атап өтіп, екі елдің достығы уақыт сынынан өткенін айтты.
"Қиын жылдарда біз бір-бірімізді қолдап, иық тіресіп қатар тұрдық. Бірге талай қиындықты жеңдік, бүгінде жадымызда сақтап, жүрегіміздің төрінде қастерлеп ұстайтын Ұлы Жеңіске бірлесіп жеттік. Ата-бабамыздан «Құдай қосқан көрші» деген сөз қалған. Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі", – деді Президент.