Қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әлия Шайзадайқызы Рүстемова денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
1970 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина университетін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Талғар аудандық ауруханасында дәрігер-терапевт қызметінен бастаған.
1993–1994 жылдары — Алматы қаласындағы №7 емхананың, №5 Қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер-терапевті.
1994–2000 жылдары — Алматы қаласының медициналық ғылыми ұйымдарында клиникалық ординатор, аспирант.
2000–2001 жылдары Талғар қаласының медициналық мекемелерінде бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеді.
2001–2005 жылдары — Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.
2005–2009 жылдары Алматы облысы бойынша Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарды.
2009–2010 жылдары — Қызылорда облысы бойынша Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті департаментінің директоры.
2010–2011 жылдары — Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары.
2011–2012 жылдары — Алматы қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің директоры.
2012–2015 жылдары Астана қаласында Травматология және ортопедия ҒЗИ ғылыми хатшысы, инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2015–2018 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша медициналық қызметті бақылау және қоғамдық денсаулықты сақтау департаменттері басшысының орынбасары, басшысы.
2018 жылы — Астана қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының орынбасары.
2018–2022 жылдары — Нұр-сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.