Мәселе – Үкіметтің жұмысты ұйымдастыра алуында
Мәжіліс депутаты атанған Еділ Жаңбыршин Үкіметтің жұмысына «-3» деген баға қоятынын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Журналистер Үкімет кулуарында Еділ Жаңбыршиннен «Үкімет қазіргі құраммен қалуы керек пе?» деп сұраған.
Бұл сұраққа жауап берген депутат «кейбір министрліктер ауысатын шығар» деп ойлайтынын айтты.
Ал “Үкімет басшысының өзі жайлы не ойлайсыз?” деген сұраққа «көреміз қандай кандидатуралар болатынын» деді.
«Жұмысына қанағаттанасыз ба?» деген сұраққа Жаңбыршин «жалпы, Үкіметтің жұмысына «-3» деген баға қоямын» деп түйді.
«Бұл жерде Үкімет алдағы кейбір мәселелерді тез арада шешуі керек. Оны Президент те айтты. Кім келсе де, халықтың көтеріп отырған мәселелерін реттеу керек. Тез арада. Мәселе адамда емес. Мәселе – Үкіметтің жұмысты ұйымдастыра алуында. Халық көтеріп отырған азық-түлік бағасы, энергия, тариф мәселелерін бір жүйелі түрде іске асырратын Үкімет керек», - деп түйді ол.