Ол заңда не жазылса, соны орындайтынын жеткізді
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов депутаттық пәтерді алуға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Журналистер экс-министрге "депуттаттық пәтер алу ойыңызда бар ма?" деген сұрақ қойды.
"Бұл сұрақты күттім. Бұған қатысты Үкімет қаулысы бар. Барлығы регламенттелген. Заңда не жазылса, соны орындаймыз. Мен осында (Астанада - еск.) тұрамын. Менің көп пәтерлі тұрғын үй кешенінде өз пәтерім бар. Басқа жаққа көшу жоспарда жоқ", - деді ол.