Ринат Зайытов сайлаудағы фальсификация жайлы пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Ринат Зайытов депутат ретінде қандай мәселе көтеретінін айтты

baq.kz

Мәжілістің кулуарында жаңадан сайланған депутат Ринат Зайытов депутат ретінде қандай мәселе көтеретінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

- Мәжілісте айтыста көтеріліп жүрген мәселелер көтеріледі. Өлең жолымен емес, депутаттық сауал ретінде, - деді Ринат Зайытов.

Жаңадан сайланған депутат әлеуметтік желілерде айтылып жүрген сайлаудаға фальсификация мәселесін табандылық танытып жүрген адамдардың тиісті органдарға жүгініп, аяғына дейін жеткізуі қажет екенін айтты.

- Сайлаудағы фальсификацияға өзім де қарсымын. Басында бірмандаттық сайлау округінен кандидатурамды алдым. Одан кейін AMANAT партиясының партиялық тізімімен ұсынысқа келісім бердім. Өңірлерді аралап, халықпен кездескенімді көрдіңіздер. Жасанды кездесу емес, халықпен байланысуға тырыстық. Өз басым халықтың сенімі мен дауысы арқылы өттім деп айта аламын, - деді жаңа депутат Мәжілістің кулуарында.

Ол партиялық бәсекеде AMANAT толыққанды жеңіске жеткенін айтты.

- Осы 7 партияның ішінен AMANAT партиясы толыққанды жеңіске жетті деп айта аламын. Өтірік емес, шын. Оған моральдық, толық құқығым бар, - деді ол.

Ринат Зайытов депутат ретінде қандай мәселе көтеретінін айтты.

- Көп мәселені шешкім келеді. Ең алдымен, тіл мәселесі, - деді Ринат Зайытов.