Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол бұған дейін Сыртқы істер министрлігінде халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы әрі ведомствоның ресми өкілі қызметін атқарған.
Айбек Смадияров – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің түлегі. Ол ерекше және өкілетті елші ІІ дәрежелі дипломатиялық рангке ие және ағылшын мен түрік тілдерін еркін меңгерген.