Нұрлан Әуесбаев: 20 млн адамнан бір жөні түзу премьер-министр табуға болар еді

Qaz365.kz редакциясы

Оппозиция өкілі Әлихан Смайылов іскерлігін көрсете алмады деп санайды

коллаж Qaz365.kz

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Мәжілістің отырысында премьер-министрлікке Әлихан Смайылов қайтадан ұсынылды. Депутаттардың басым көпшілігі қолдағанымен, арасында қарсы болғандары да бар. Солардың бірі – ЖСДП партиясының өкілдері. Отырыстан кейін тілшілерге берген сұхбатында депутат Нұрлан Әуесбаев себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 

Менің көңіл күйім жоқ. Өйткені Үкімет басшысына риза емеспін. Әлихан Смайылов іскерлігін көрсете алмады. 20 миллион адамнан бір жөні түзу премьер-министр табуға болар еді, - дейді Нұрлан Әуесбаев.

Айта кетейік дауыс беру кезінде депутаттардың ішінде 82 адам Смайыловтың кандидатурасын қолдады. 7 депутат қарсы болды, 8 адам қалыс қалды.
Нұрлан Әуесбаев былтырғы жылы Президент сайлауына қатысқан болатын.