Қараша халыққа бұйырмаған миллиардтар: Олигархтардың мүлкін неге ешкім сатып алмайды?

Qaz365.kz редакциясы
Коллаж Qaz365.kz

Қазақстандағы олигархтар 2022 жылы қаңтардан кейін абдырап қалды. Заң өзгерген соң «Жаңа Қазақстандағы» әділеттілік жайлы сөздердің салмағы сезіле бастады. 2023 жылдың шілдесінде Қазақстанда заңсыз иеленген мүліктерді мемлекетке қайтару туралы заң қабылданып, күшіне енді. Дегенмен сол кезде қайтарылған активтердің саудаға шығарылып, өтпей тұрғаны тағы бар. 30 желтоқсанда сол дүниелер қайта саудаға шыққалы жатыр. 
 
Qaz365.kz редакциясы саудаға шығарылған, бірақ өтпей тұрған дүние-мүлік жайлы баяндайды. 

Бір өңірдің әлеуетін көтеретін бағадағы әшекейлер 

Қымғуыт кезеңде бас бостандығын сақтап, түрмедегі қапасқа түспеу үшін жанталасқан алпауыттардың жаппай компанияларын қайтарып, мемлекетке өткізіп жатқанын көрдік. Қазақстан Бас прокуратурасының активтерді қайтару комитеті активтерді іздеп, олардың заңдылығына тексеріс жүргізді.  
 
Олар тапқан активтер «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің қолына өтті. Ал бұл компания жалпы 2025 жылдың басынан бері аукцион арқылы құны 296,8 млн теңге болатын 53 актив өткізген.  
 
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің ресми сайтына қарасақ, бұған дейінгі өтпей тұрған сағат пен әшекей бұйымдар, монеталар... Былай қарасақ, ұсақ-түйек зат секілді көрінгенімен бұлардың бағасы удай. 
 
Билікпен қақтығысқа түскен олигархтар мұнай компанияларынан бастап қонақүй бизнесіне, сағаттар коллекциясынан сақ дәуірінің алтын қорына дейінгі қазыналарын беріп, бостандықтарын сақтап қалуға тырысты. Дегенмен соңғы уақытта «заңсыз жинақталған байлықты тәркілеу» туралы жаңалықтар сирей бастағандай. 2025 жылдың басынан бері аукцион арқылы жалпы құны 296,8 млн теңге болатын 53 актив өткізіліпті.  

Фото: sauda.e-qazyna.kz

Бұл «Ulysse Nardin Classic 789-80» атты сағат. Бастапқы бағасы — 182 285 215 теңге. «Неге сондай қымбат?» деген сұрақ бәрінің көкейінде болатыны анық. Себебі мұндай модель 30 дана ғана.

Сайттағы оның сипаттамасында былай деп жазылған: 
 
«Ulysse Nardin Classic 789-80» сағатының бетіне минуттық турбийон орнатылған, ерекше сәнді модель. Сағаттың тілі белгілі бір уақытта өзгеше соғады (вестминстер жүйесі). Анықтап айтсақ, 4 түрлі тондағы дыбыс (ми–до–ре–соль) арқылы дыбыс шығарады. 
 
Сағаттың бетіне 18 караттық алтыннан қолмен ойылып жасалған көрініс бар, онда жауынгерлердің шайқасы бейнеленген. Сағат механизмдері соғу дыбысымен толық синхронда жұмыс істейді. Осы модельден тек 30 дана шығарылған, саны шектеулі серия. 
 
Құрылғының диаметрі – 42 мм, корпусы платинадан жасалған. Сағат корпусында сызаттар бар, ал белдігі едәуір зақымдалған. 
 
Қосымша ақпарат: 
 
Бағалаушы: ЖШС «The Expert» 
 
Есеп нөмірі: 86/24 
 
Есеп күні: 19.03.2024 
 
Бағалау құны: 214 453 194 теңге 
 
Бағалау күні: 15.03.2024 
 
Көріп отырғаныңыздай, бағасы аспандап тұрған қол сағаттың да зақымданған жері бар.  

Фото: sauda.e-qazyna.kz
 
Тағы бір көздің жауын алатын әшекей — «Van Cleef & Arpels» алқасы. Бірақ бұл әшекей ерлердің сағатына қарағанда «арзандау» екен. Бастапқы бағасы — 46 797 203 теңге.  
 
Сайттағы оның сипаттамасында былай деп жазылған: 
 
Материалы: ақ алтын, сынамасы 750 
 
Жалпы салмағы: 84 грамм 
 
Металдың салмағы: 80,6 грамм 
 
Тастар: 16,92 караттық бриллианттар 
 
Белгілері: Van Cleef 
 
Бағалау нәтижесі мен ювелирлік сараптама электрондық құжаттар бөлімінде берілген 
 
Қосымша ақпарат: 
 
Бағасы: ҚҚС есепке алынбаған 
 
Бағалаушы: ЖШС «Алматы Бағалау Орталығы» 
 
Есеп нөмірі: 556-Б-1 
 
Есеп күні: 26.12.2024 
 
Бағалау құны: 55 055 532 теңге 
 
Бағалау жүргізілген күн: 23.12.2024 
 
Ал енді 30 желтоқсан күні бір қалталы азамат келіп бұл әшекейлерді сатып алса, бұл қаражат арнаулы қорға түседі. Сол қор арқылы  Айта кетейік, Олжас Бектенов 2024 жылдың басынан бері активтерді қайтару бойынша келісімдер жалпы 900 млрд теңгеден астам қаражат болатынын айтқан болатын

Автивтердің бұрынғы иесінің кім екені құпия 

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің ең бір түйіткілді мәселесі — тәркілеу жайлы жаңалықтың сиреп, бұрын алынған мүліктің өтпей тұрғандығында ғана емес. Активтердің нақты кімнен алынғаны жайлы жария етілмейді. 

Фото: sauda.e-qazyna.kz 
 
30 желтоқсанға дейін сатып алу үшін өтінім беріп үлгеруге болатын тағы бір бағалы зат — «DE BEERS» атты сырға. Бастапқы бағасы — 134 385 000 теңге. 
 
Сайттағы оның сипаттамасында былай деп жазылған: 
 
Материалы: ақ алтын, сынамасы 750 
 
Жалпы салмағы: 5,8 грамм 
 
Металдың салмағы: 4,58 грамм 
 
Тастар: 2 бриллиант, жалпы 6,06 карат (түсі D, тазалығы F, ерекше қырлығы бар) 
 
Белгілері: DE BEERS 
 
Ескертпе: бриллианттарға GIA сертификатының көшірмесі бар, тастарда сәйкестендіру нөмірі көрсетілген 
 
Бағалау мен ювелирлік сараптама нәтижелері электрондық құжаттар бөлімінде берілген 
 
Қосымша ақпарат: 
 
Бағалаушы: ЖШС «Алматы Бағалау Орталығы» 
 
Есеп нөмірі: 556-Б-1 
 
Есеп күні: 26.12.2024 
 
Бағалау құны: 158 100 000 теңге 
 
Бағалау жүргізілген күн: 23.12.2024 
 
Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті жариялаған ресми деректерге қарасақ, жақында сол бұрын қайтарылған активтердің арқасында Көкшетау қаласында спорт кешені ашылған, Жамбыл облысындағы ауылдар сумен қамтамасыз етілген, Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен 300 бала білім алатын музыкалық мектеп ашылған. Бұл жаңалықтардың бір парасы ғана. 

Фото: sauda.e-qazyna.kz
 
30 желтоқсанға дейін сатып алу үшін өтінім беріп үлгеруге болатын тағы бір бағалы зат — «Frank Muller» білезігі. Бастапқы бағасы бар-жоғы —  6 186 219 теңге. 
 
Сайттағы оның сипаттамасында былай деп жазылған: 
 
«Frank Muller» білезігі 
 
Материалы: ақ және сары алтын, сынамасы 750 
 
Жалпы салмағы: 40,4 грамм 
 
Металдың салмағы: 39,04 грамм 
 
Белгілері: Frank Muller 
 
Тастар: 300 бриллиант, жалпы 6,8 карат 
 
Бағалау мен ювелирлік сараптама нәтижелері электрондық құжаттар бөлімінде берілген 
 
Қосымша ақпарат: 
 
Бағасы: ҚҚС есепке алынбаған 
 
Бағалаушы: ЖШС «Алматы Бағалау Орталығы» 
 
Есеп нөмірі: 556-Б-1 
 
Есеп күні: 26.12.2024 
 
Бағалау құны: 7 277 904 теңге 
 
Бағалау жүргізілген күн: 23.12.2024 

Фото: sauda.e-qazyna.kz
 
30 желтоқсанға дейін сатып алуға болатын тағы бір бағалы зат — «YEPREM» сақинасы. Бастапқы бағасы бар-жоғы — 12 507 974 теңге. 
 
Сайттағы оның сипаттамасында былай деп жазылған: 
 
Материалы: ақ алтын, сынамасы 750 
 
Жалпы салмағы: 37 грамм 
 
Металдың салмағы: 35,38 грамм 
 
Белгілері: YEPREM 
 
Тастар: 85 бриллиант 
 
Бағалау мен ювелирлік сараптама нәтижелері электрондық құжаттар бөлімінде берілген 
 
Қосымша ақпарат: 
 
Бағалаушы: ЖШС «Алматы Бағалау Орталығы» 
 
Есеп нөмірі: 556-Б-1 
 
Есеп күні: 26.12.2024 
 
Бағалау құны: 14 715 263 теңге 
 
Бағалау жүргізілген күн: 23.12.2024 

Олигархтар Мәсімовтің үйін сатып алудан қорқа ма? 

Фото: kuva.kz

Бұл бағалы заттардың ішіндегі ең арзаны — Кәрім Мәсімовтің белдігі. Ол екі рет Премьер-министр болды, кейін Президент Әкімшілігін басқарды, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 2023 жылы сот оны мемлекетке опасыздық жасады деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айырды.  
 
Оның тері белдігінің бағасы — 262 500 теңге.  


 Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Оның Астанадағы бағасы 1 883 338 958 теңге болатын жеке үйінің де сатылмай тұрғанын айта кетейік. Әрине, мемлекет сатқыны атанып, сотталған адамның үйін сатып алуға осынша дабырадан кейін басқа қалталы азаматтардың именетіні анық. Ал қараша халықтың жағдайын ескеретін болсақ, сатылып жатқан әшекейлерді бұрынғы иелері сатып алуы да мүмкін екенін айта кетейік. 

Бұл жағдай мүйзі қарағайдай алпауыттардың қолында жүрген бір сағаттың, болмаса әшекейдің салмағы безбенмен қатар тартып қойғанда сол бір өңірдің әлеуетін көтеретін бағада екенін анық көрсетеді.