Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің төрағасы қызметінен босатылды

Qaz365.kz редакциясы
ОКҚ

Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ол бұл лауазымға 2023 жылғы қазанда тағайындалған. Бұған дейін, 2022 жылдан бастап Бас прокуратурада еңбек етіп, стратегиялық даму департаментін басқарған, сондай-ақ халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің жетекшісі болған.

Әр жылдары Нұрдәулет Сүйіндіков Қорғаныс министрінің кеңесшісі қызметін де атқарған.