Қариннің лауазымын алып тастауды ұсынған Тоқаев оған «Sorry» деді

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстанда Мемлекеттік кеңесші лауазымы ресми түрде алынады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін өзгертуді ұсынды. Соның ішінде мемлекеттік кеңесші қызметі де алынып тасталуы мүмкін. Мемлекет басшысының «Sorry» деген бейнежазбасы желілерде тарап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда айтты. Сөз барысында ол осы қызметті атқаратын Ерлан Қаринге қарап «Sorry» деді. Осы сәт түсірілген видео қазір әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

Бұған дейін Qaz365.kz Тоқаевтың енді вице-президент қызметін енгізуді ұсынғанын жазған еді. Бұл лауазымға адамды Президенттің өзі тағайындайды, ал қызмет Конституцияда бекітілуі керек.

Айта кетейік, Ерлан Қарин елдегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді араласып, идеология, ұлттық бірегейлік, азаматтық қоғам мәселелерімен айналысты. Әр жылдары ақпараттық-сараптамалық құрылымдарда, медиа саласында және мемлекеттік қызметте болды. Ол 2022 жылдың маусымында мемлекеттік кеңесші болып тағайындалған.