Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамп бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қол қою рәсімі Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Давос қаласында өтті. Жиынға Қазақстан Президентінен бөлек, 18 елдің мемлекет басшылары мен ресми өкілдері қатысты. Келісімге Кеңеске қосылуға ниет білдірген елдердің басшылары қол қойды.
Құжатқа қол қойғандар қатарында Шавкат Мирзияев, сондай-ақ Әзербайжан, Сауд Арабиясы, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері, Аргентина, Парагвай мемлекеттерінің басшылары бар. Сонымен бірге Венгрия мен Әзербайжанның премьер-министрлері де келісімге қол қойған.
Алайда Батыс Еуропаның бірқатар елдері, Қытай және Ресей бұл бастамаға қатыспады. Дегенмен, АҚШ тарапы аталған мемлекеттердің басшыларына да Бейбітшілік кеңесіне қосылу жөнінде шақырту жібергенін мәлімдеген.
Ақпаратқа сәйкес, АҚШ президенті бұл құрылымды халықаралық мәселелерді талқылайтын жаңа алаң ретінде ұсынып, оны Біріккен Ұлттар Ұйымына балама тетік ретінде қарастырып отыр.