Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы
Үкіметтің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, сондай-ақ «НУР» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметке 2014 жылдан бастап араласқан. Әр жылдары Экономика министрлігінде, Президент Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінде, сондай-ақ Үкімет аппаратында түрлі жауапты қызметтер атқарған.

2023 жылы Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ал 2024 жылдың тамыз айынан бастап осы министрлікте вице-министр қызметін атқарып келді.