Айбек Смадияров Тоқаевтың баспасөз хатшысы болды

Qaz365.kz редакциясы

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ал осы қызметті атқарып келген Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды.

Еске салайық, бұған дейін Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Ол бұл лауазымға былтыр 15 желтоқсанда тағайындалған болатын.

Сондай-ақ Айбек Смадияров 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми өкілі қызметінен кеткен еді. Ол бұл қызметке 2018 жылы тағайындалып, бір жылдан кейін Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды. 2023 жылғы маусымнан бастап Сыртқы істер министрлігінің Коммуникациялар департаментін басқарған.