Қазақстанда Конституция күні өзгеруі мүмкін – Ғазиз Әбішев

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы белгілі саяси шолушы өз ойын білдірді

gov.kz

Саяси шолушы Ғазиз Әбішев Қазақстанда Конституция күні өзгеруі мүмкін деген пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазба жариялады, деп хабарлайды.Qaz365.kz.

"Конституциялық комиссияның бірқатар мүшелері негізгі заңға енгізілген өзгерістердің ауқымын ескере отырып, жаңа Конституция қабылдау мәселесін қарастыруды ұсынуда. Бұл, өз кезегінде, референдумның нақты қашан өтетініне және оның нәтижелері қандай болатынына байланысты жаңа Конституция күнінің пайда болуына әкелуі мүмкін", – деп жазды Әбішев.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда Конституция күні жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі және ол мемлекеттік мереке ретінде демалыс күні. Дәл осы күні, 1995 жылы, республикалық референдумда елдің қолданыстағы негізгі заңы қабылданған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Конституциясына 84 пайыз өзгеріс енгізілгені туралы жазған едік. Жиынтық жоба білікті заңгерлер мен лингвистерден құралған жұмыс топтарында қатар пысықталып жатыр.

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады.