Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Qaz365.kz редакциясы
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 3–4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сапар аясында Президент Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен және ел Президенті Асиф Али Зардариймен келіссөздер жүргізеді. Кездесулерде саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Қазақстан–Пәкістан бизнес форумына қатысуы жоспарланған. Форумда іскерлік байланыстарды күшейту және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылмақ.