"Оққағары бар": Дариға Назарбаева Астана – Алматы бағытындағы тұрақты рейспен ұшқан

Qaz365.kz редакциясы

Назарбаеваның жанында оққағардың еріп жүрген

Фото: Әлішер Елікбаев

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева Астана мен Алматы арасындағы жолаушылар рейсінде көзге түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіге белгілі блогер Әлішер Елікбаев жазды.

Блогердің айтуынша, ол Назарбаеваны Астана – Алматы бағыты бойынша тұрақты рейсте, бизнес-класста көрген.

– Оны тұрақты рейстермен ұшпайды деп ойлайтынмын. Ұшақ көтеріле салысымен ұйықтап кеттім, қонарда оянсам, жанымдағы орындықта Дариға Нұрсұлтанқызы ұшып келе жатыр екен, – деп жазды ол.

Блогер сондай-ақ Назарбаеваның жанында оққағардың еріп жүргенін айтқан.

“Оққағардың бойы менімен бірдей, бірақ екі есе үлкен екен”, – деп сипаттады оны Елікбаев.

Блогердің жазбасының астында оқырмандар өз пікірлерін қалдырыпты.

"Дағдарыс оған да әсер еткен ғой"," Бұлар да ақшасын үнемдей бастаған", "Егер ол өз ұшағымен ұшса, онда бәрі оны жеке борт жерге қонған кезде бірден байқаған болар еді, сондықтан көзге түспей, көптің арасында көрінбей жетіп алайын деген ғой", "Үнемдеуге кіріскен-ау", "Егер "Джеттамен" ұшуды қойса, қарапайым адамдар қалай күн көрмек? Мұны депутаттарға көрсету керек", “Екі апта бұрын кіші қызы Әлия да Алматы-Дубай Air Astana рейсімен ұшқан болатын. Адамдардың көпшілігі әдеттегі рейспен ұшқанына таң қалып жатты", "Ол пойызбен де жүреді", "Халықтың ортасында, елмен бірге деп сайлауға дайындалып жатқан шығар", "Ешкіммен қикездесіп қалмау үшін бизнес-кластың бірінші қатарынан алған ғой, елдің ең соңынан кіріп, бірінші болып шығады, оққағары қасында", – деп жазды желі пайдаланушылары.

Бұған дейін саясаттанушы Арсен Сәрсеков желтоқсан айының соңында Кремльде Владимир Путинмен болған Нұрсұлтан Назарбаевтың жекелей әңгімесінде басты тақырып оның үлкен қызы болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Айта кетейік, 2020 жылы Сенат спикері қызметінен кеткен Дариға Назарбаева Қаңтар оқиғаларынан кейін саяси сахнадан көрінбей кетті.