Референдум бюллетенінде қандай сұрақ болады?

Qaz365.kz редакциясы
gov.kz

Орталық сайлау комиссиясының екінші отырысында Брайль қарпімен әзірленген бюллетень макеті таныстырылды. Сондай-ақ стандарт форматтағы үлгісі де көрсетілді, дәл осы нұсқа барлық сайлаушыларға таратылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бюллетеньде мынадай сұрақ жазылады:

«Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»

Жауаптың екі нұсқасы ұсынылады:
– «иә – қабылдаймын»;
– «жоқ – қабылдамаймын».

Әр жауап нұсқасының оң жағында бос шаршы болады. Нұсқаулыққа сәйкес, сайлаушы таңдаған нұсқаның жанындағы бос шаршыға кез келген белгі қоюы тиіс.