Тоқаев референдум кезінде заңдылық пен ашықтықты сақтауды тапсырды

Qaz365.kz редакциясы
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Кездесуде алдағы маңызды саяси науқанды ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Президентке республикалық референдумға дайындық жұмыстарының қалай жүріп жатқаны туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.

Президент референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударды.