Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Қазына» қоры шамамен 650 адамды жұмыстан босатпақ

Qaz365.kz редакциясы

Мемлекет басшының сынынан кейін ұлттық қордағы қызметкерлер саны азаймақ

«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов шамамен 650 адамның жұмыстан босатылатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жақыпов жұмыстан шығару наурыз айының соңына дейін заң талаптарына сәйкес жүргізілетінін айтты.

«Бұл жалпы Астана қаласында Самұрық-Қазына қызметкерлерінің саны 6500 адам. Сондықтан біз жалпы 650-дей адамды қысқартатын боламыз», — деді Нұрлан Жақыпов.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрінде Самұрық-Қазына қорына сын айтқан еді. Мемлекет басшысының айтуынша, түскі уақытта кафе мен қонақүйлерде отырып, жаңалық талқылап, интернетте уақыт өткізетін қызметкерлер бар.