Иранның тоғыз провинциясында АҚШ пен Израиль соққысынан жарылыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Қуатты жарылыстар елдің түкпір-түкпірінде естілген

Ашық дереккөздерден

АҚШ пен Израильдің Иран аумағына жасап жатқан шабуылдары толастар емес. Соққылар ел астанасы Тегеранмен қатар өзге де бірқатар аймақтарды қамтып отыр. Жартылай ресми Mehr агенттігінің мәліметінше, қуатты жарылыстар елдің түкпір-түкпірінде естілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Таңертеңнен бері Тегеран, Эльбурс, Исфахан, Керманшах, Лорестан, Хузестан, Құм, Илам және Систан-Белуджистан провинцияларындағы көптеген нысандарға шабуыл жасалды.
Жергілікті дереккөздер астананың батысындағы Шехрияр ауданында, Кередж маңындағы Махдештте, Керманшах пен Илам аймақтарының бірінде қатты жарылыстар болғанын хабарлады. 

Хузестан провинциясында кем дегенде екі нысан, оның ішінде Андимешк пен Дезфул қалалары соққыға ұшыраған. Лорестанда бірнеше нысанға зақым келсе, Систан-Белуджистан провинциясындағы Чабахар маңында да жарылыс дыбыстары тіркелді.

Қазіргі уақытта Тегеранда әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері үздіксіз соққыларға тойтарыс беру үшін белсенді жұмыс істеп жатыр.