Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр – Ақорда

Qaz365.kz редакциясы

Кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет

akorda.kz

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді. 

“Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті”, – делінген Ақорда хабарламасында.