Иран Нетаньяхудың кеңсесіне зымыранмен соққы жасады

Qaz365.kz редакциясы
NIR ELIAS/POOL/AFP

Таяу Шығыстағы жағдай бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін ушықты. Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңсесіне тікелей зымыран соққысын жасағанын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Иранның Tasnim агенттігінің хабарлауынша, Нетаньяхудың кеңсесіне соққы 10-шы зымыран шабуылы толқыны аясында жасалған. Шабуыл кезінде соңғы буындағы Kheibar баллистикалық зымырандары қолданылған. Қазіргі уақытта Израиль премьер-министрінің қайда екені және оның жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ. Израиль тарапы бұл мәлімдемеге қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Сонымен қатар Иран тарапы Израиль Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Томер Бардың орналасқан жеріне де соққы жасалғанын алға тартуда.

АҚШ пен Израильдің үш күнге созылған әуе шабуылдары нәтижесінде Иранда қаза тапқандар саны 555 адамға жетті. Олардың арасында жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеи мен елдің әскери басшылығы бар.

АҚШ Президенті Дональд Трамп операцияның тағы 4 аптаға созылуы мүмкін екенін ескертіп, Иран халқын панажайлардан шықпауға шақырды.