Қазақстанға келіп тәуелсіздік жайлы сөйлеген Ресей депутаты «шетелдік агенттер» тізіміне енді

Qaz365.kz редакциясы

2026 жылы Алматыда түсірілген видеода Иванов Қазақстандағы тәуелсіздік пен еркіндікті басты байлық деп атап, туған елі саханың ондай тәуелсіздікке қолы жетпегенін айтты

Sakhaparliament.ru

Ресейдің Якутиядан шыққан депутаты Александр Иванов Ресей Федерациясының Әділет министрлігінің шетелдік агенттер тізіміне қосылды. Бұл шешім депутаттың әріптестері прокуратураға шағымданған соң екі күннен кейін шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Ресейдің құзырлы органдары Ивановтың кейбір сөздерін сепаратистік бағытта деп бағалаған. Иванов  өңірден басталған мәнсабын Ил Тумэнге (парламентке) дейін жалғастырған. 2025 жылы ол Түркия блогеріне берген сұхбатында республиканың бөлінуден гөрі автономияға ұмтылуы мүмкін екенін айтқаннан кейін Ресейде сынға қалды. Содан кейін фракциядан шығарылғанымен, мандатын сақтап қалды.

«Достар, мен Қазақстандамын. Бауырлас қазақ еліне келдім. Қазақстанның және қазақ халқының ең басты байлығы не екенін айтыңыздаршы? Әрине, ол — тәуелсіздік пен қазақ халқының еркіндігі. Өз тілін зерттеу еркіндігі, өз тарихын зерттеу мүмкіндігі, ата-бабасынан қалған жерді иелену құқығы, дәулетін арттыруға, білім алуға құқығы... Бір өкініштісі, әлемдегі кез келген халықта, соның ішінде менің халқым сахада мұндай игілік жоқ. Біздің тілімізді зерттеу тыйым салынады, тарихымызды, шынайы тарихымызды оқуға тыйым салынады, ата-бабамыз қалдырған жерді иеленуге тыйым салынады. Айтыңыздаршы, менің елім де сондай еркіндікке ие болу үшін не істеуі қажет?», — деді ол.

Парламенттегі әріптестерінің шағымынан кейін Ресейдің Әділет министрлігі Ивановты шетелдік агенттер тізіміне енгізді. Оның сөздеріне қатысты қазір экстремизм мен сепаратизм белгілерінің бар-жоғы анықталып жатыр.