Референдум – елімізде болып жатқан ең ауқымды өзгерістердің бірі
Алматылық қоғам белсендісі Бақдаулет Оразбек қазақстандықтарды өз таңдауын жасауға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Сіздерді 15 наурыз күні өтетін еліміздегі ең ауқымды таңдауға шақырамын. Референдумға келіп, өз таңдауларыңызды жасап, болашағыңызға үлкен септіктеріңізді тигізулеріңізді сұраймыз», – деді қоғам белсендісі.
Референдумның елімізде болып жатқан ең ауқымды өзгерістердің бірі екенін айтқан Бақдаулет Оразбек халыққа үндеу тастады.
«Әр қазақстандықты 15 наурыз күні бекітілген учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауға шақырамыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деді ол.