Түркия Ираннан ұшырылған зымыранды атып түсірді

Qaz365.kz редакциясы
Morteza Nikoubazl/NurPhoto

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған ел шекарасына бағытталған зымыран соққысынан кейін Иранға қатаң ескерту жасады. Иран аумағынан ұшырылған баллистикалық зымыран Ирак пен Сирияның әуе кеңістігін кесіп өтіп, Түркияға бет алған, алайда түріктің әуе қорғаныс жүйесі оны нысанаға жетпей тұрып атып түсірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, зымыран сынықтары Хатай провинциясының Дёртиол ауданына құлаған. Алдын ала болжамдар бойынша, соққының негізгі нысаны – америкалық атом бомбалары сақталатын НАТО-ның «Инджирлик» авиабазасы болуы мүмкін.

«Біз шекарамыз бен әуе кеңістігіміздің қауіпсіздігін ешқашан кездейсоқтыққа қалдырмаймыз. НАТО-дағы одақтастарымызбен тығыз байланыста отырып, кез келген қауіпке дереу жауап береміз», — деп мәлімдеді Ердоған.

Анкара бұл оқиғаны «дұшпандық әрекет» деп бағалап, кез келген агрессияға жауап беру құқығын өзіне қалдыратынын ескертті. Қазіргі уақытта Түркия тарапы НАТО одақтастарымен шұғыл консультацияларды жалғастырып жатыр.