Олар жауапкершілік пен азаматтық ұстанымның үлгісін көрсетті
Алматы облысының №1031 референдум учаскесінде Жаңаталап ықшамауданының тұрғындары таңғы сағаттардан бастап ерекше көңіл-күймен жиналып, дауыс беруге белсенді түрде қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алғашқы дауыс берушілердің бірі болған жергілікті тұрғын өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтынын жеткізді. Оның айтуынша, референдум — мемлекет дамуының маңызды кезеңі, сондықтан әр азаматтың қатысуы аса маңызды.
Тұрғындар ұсынылған өзгерістерді қолдай отырып, заңымызға енгізілетін жаңашылдықтар елдің тұрақты дамуына оң әсер етеді деген сенім білдірді. Дауыс беру барысында олар жоғары жауапкершілік пен азаматтық ұстанымның үлгісін көрсетті.
Референдумға ұйымдасқан түрде қатысқан жаңа талаптықтар қоғамдық белсенділіктің жоғары деңгейін танытып, ел бірлігі мен татулығының берік екенін айқындады. Олардың бұл қадамы — болашақ ұрпақтың жарқын келешегіне бағытталған маңызды таңдау.
Жаңаталап ықшам ауданы тұрғындарының ұйымшылдықпен дауыс беруі референдум күнінің мазмұнын арттырып, әрбір азаматтың ел тағдырына деген жауапкершілігінің айқын көрінісіне айналды.