Учаскелерде тәртіп сақталып, дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтуде
Қостанай облысы өңірінде өтіп жатқан референдум барысында тұрғындардың белсенділігі байқалады. Таңғы уақыттан бастап сайлау учаскелеріне келген азаматтар саны көп болып, кейбір учаскелерде адамдардың кезекке тұрғаны байқалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Аймақтың әр аудан-қалаларындағы учаскелерде тұрғындар дауыс беруге ерте келіп, азаматтық белсенділік танытуда. Учаскелерде тәртіп сақталып, дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтуде.
Желіде тараған фотосуреттерде де учаскелердегі халықтың көп жиналғаны көрінеді. Кадрларда дауыс беруге келген тұрғындардың қарасы қалың екені байқалып, өңірдегі азаматтардың маңызды қоғамдық шараға бейжай қарамайтынын көрсетеді.
Бақылаушылардың айтуынша, дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Учаскелерде қажетті жағдайлар жасалып, тұрғындардың өз таңдауын еркін жасауына мүмкіндік берілген.
Мамандардың пікірінше, халықтың белсенді қатысуы қоғамдағы азаматтық жауапкершіліктің артып келе жатқанын көрсетеді.