Ақтауда бокстан әлем чемпионы республикалық референдумда өз таңдауын жасады

Qaz365.kz редакциясы
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа конституцияны қабылдау бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда әйгілі қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Бекзад Нурдаулетов Ақтау қаласындағы №267 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Спортшы қазіргі саяси науқан ел үшін маңызды кезең екенін атап өтті. Оның айтуынша, спорттағы табандылық пен өмірдегі жауапкершілік тығыз байланысты.

— Спортта нәтижеге жету үшін табандылық пен өз-өзіңе сенім қажет. Сол сияқты қоғам өміріндегі маңызды сәттерде әр азамат өз ұстанымын білдіреді. Бүгін мен де референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым, — деді Бекзад Нурдаулетов.

Айта кетейік, сайлау учаскесінде таңғы 7-ден бастап дауыс беру ұйымдасқан түрде өтіп, азаматтар референдумға белсенді қатысуда.