Жамбыл облысында референдумда дауыс берушілердің қарасы қалың

Qaz365.kz редакциясы

Қордайлықтар учаскеге лек-легімен келіп, өз таңдауларын жасап жатыр

Қордай ауданы әкімдігі

Қордай ауданының Қордай ауылында орналасқан №240 референдум учаскесінде таңертеңнен бері дауыс берушілердің қарасы қалың. Тұрғындар учаскеге үздіксіз келіп, өздерінің азаматтық ұстанымын білдіруде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Байқау барысында дауыс беру үдерісінің Қазақстан Республикасының заң талаптарына сай ұйымдастырылғаны аңғарылды. Учаскеде азаматтардың еркін әрі ашық дауыс беруі үшін барлық қажетті жағдай қарастырылған.

Жергілікті тұрғындар жоғары белсенділік танытып, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетуде. №240 учаскеде халықтың көптеп келуі референдумға деген жауапкершілік пен қоғамдық белсенділіктің жоғары екенін байқатады.

Қордайлықтар учаскеге лек-легімен келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Жалпы, №240 референдум учаскесіндегі ахуал қалыпты, дауыс беру барысы заң аясында өтуде.