. Облыс тұрғындары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Ұлытау облысында өткен республикалық референдум барысында бір топ марафоншы Жезқазған қаласынан Сәтбаев қаласына дейін жаяу жүгіріп өтіп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Спортшылар бірнеше ондаған шақырымды еңсеріп, Сәтбаев қаласындағы №47 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді.
Марафоншылардың айтуынша, бұл бастама – салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық жауапкершілікті көрсетуге бағытталған.
Олардың бұл әрекеті тұрғындар тарапынан қолдау тауып, референдумға қатысудың маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.
Айта кетейік, Ұлытау облысында референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Облыс тұрғындары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.