Ерлі-зайыптылар дауыс беруге бір жастағы қыздары Томириспен бірге келді
Республикалық референдум күні Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіндегі №401 сайлау учаскесіне спорт саласында танымал отбасы – Нұрсұлтан Орынбасаров пен Сара Рахмонова келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ерлі-зайыптылар дауыс беруге бір жастағы қыздары Томириспен бірге келді.
Нұрсұлтан Орынбасаров пен Сара Рахмонова тек спорт ортасында ғана емес, қоғамдық өмірде де кеңінен танымал тұлғалар. Бүгінде олардың әрқайсысы ел игілігі жолында жаңа қырынан көрініп, мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүр.
Нұрсұлтан Орынбасаров джиу-джитсу спортынан қара белбеу иегері, қазіргі уақытта Алматы облыстық мәслихатының депутаты. Ол Sagadat Batyr спорт клубының негізін қалаушы. Клубтың он екі жылдық жұмысы барысында онда мыңнан астам жас тәрбиеленіп, олардың көпшілігі халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері атанды.