Қазақстанда парламент сайлауы қашан өтеді?

Qaz365.kz редакциясы
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бірпалаталы парламент – Құрылтайға сайлау осы жылдың жаз мезгілінде өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы референдумның үгіт-насихат науқанына қатысқан жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

– Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда Парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңа Конституцияға сәйкес, қазіргі парламенттің өкілеттігі 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап тоқтатылады. Сайлау мерзімі Ата заң күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде өткізілуі тиіс.