Дәурен Абаев: Жаңа Конституция Қазақстанда орыс тілінің жоғары мәртебесін айқындайды

Qaz365.kz редакциясы

Дәурен Абаев халықаралық аренада Ресей еліміздің сенімді серігі екенін атап өтті

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев референдумда қабылданған жаңа Конституция елдің орыс тілі мен орыстілді азаматтарды қорғау бағытын жалғастыратынын растады. Сонымен қатар, Астана Мәскеу үшін сенімді әрі тұрақты серіктес болып қала беретінін атап өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Абаевтың айтуынша, Конституция мәтінінің қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күшпен жариялануы – мемлекет тарапынан орыс тілі мен орыс тілді азаматтарды қорғауға ұмтылыстың айқын көрінісі.

«Қазақстан халықаралық аренада Ресейдің сенімді әрі алдын ала болжауға болатын, үйренген серіктесі болып қала беретінін айырықша атап өткім келеді. Елімізде орыс тілінің жоғары мәртебесі сақталады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Конституция мәтінінің қазақ және орыс тілдерінде тең заңды күшке ие болуы – мемлекетіміздің орыс тілі мен орыс тілді халықты қорғауға бағытталған дәйекті саясатын көрсетеді», – деді Абаев.

Сондай-ақ, ол жаңартылған Конституция адам құқықтарын қорғауға басымдық беріп, елдің ұзақ мерзімді дамуына жол ашатынын айтты. Бұдан бөлек, референдумды бақылауға қатысқан Ресей тарапына алғыс білдірді. Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум Қазақстанда 15 наурыз күні өтті. Дауыс берудің ресми қорытындылары 17 наурызда жарияланды.