Трамп Тоқаевқа хат жолдады

Qaz365.kz редакциясы
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан ресми хат келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дональд Трамп биылғы ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясында Қазақстан Президентімен болған кездесуін ерекше ілтипатпен еске алды.

Хатта Құрама Штаттардың Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Бейбітшілік кеңесінің алдағы отырысына және жыл соңында Майамиде өтетін G20 (Үлкен жиырмалық) саммитіне құрметті қонақ ретінде шақырды.