Иранның жоғарғы көшбасшысының денсаулығына қатысты қауесеттер тараған тұста, Tasnim агенттігі Моджтаба Хаменеидің халыққа жолдаған ресми үндеуін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл мәлімдеме Батыс барлау қызметтерінің ел басшысының әрекетке қабілетсіздігі туралы таратқан мәліметтерін жоққа шығаруға бағытталған.
Өз сөзінде Хаменеи Тегеранның Ормуз бұғазын басқару тәсілдерін қайта қарауға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ ол АҚШ және Израильмен болған әскери қақтығыстар кезінде келтірілген шығындар үшін өтемақы талап ететінін қатаң ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін бірқатар халықаралық БАҚ Иранның жоғарғы көшбасшысының денсаулығы күрт нашарлағаны туралы ақпарат таратқан болатын. Осы жағдайдан кейін елдің ішкі және сыртқы саясатындағы тұрақтылыққа қатысты саяси талқылаулар белең алды.
Ормуз бұғазы әлемдік мұнай тасымалының стратегиялық маңызды нүктесі болып саналады. Бұған дейін де Иран билігі аймақтағы шиеленістерге байланысты бұғазды жауып тастау мүмкіндігін бірнеше рет көтерген еді.