Венгриядағы сайлау: Виктор Орбан 16 жылдан кейін биліктен кетті

Qaz365.kz редакциясы
TASS/EPA/OLIVIER MATTHYS

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан 16 жылға созылған биліктен кейін парламенттік сайлауда жеңіліске ұшырады. Reuters агенттігінің жазуынша, Петер Мадьяр басқаратын оңшыл-центристік «Тиса» партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Сайлаудағы халықтың белсенділігі рекордтық көрсеткішке жетіп, сайлаушылардың 79%-дан астамы дауыс берген. Алдын ала мәлімет бойынша, «Тиса» партиясы парламенттегі 199 орынның 138-ін иеленеді. Бұл көрсеткіш жаңа үкіметке Конституцияны өзгертуге және ауқымды реформалар жүргізуге толық мүмкіндік береді. Петер Мадьяр өз мәлімдемесінде бұл жеңістің «Орбан жүйесін ауыстыру және елді азат ету» екенін атап өтті.

Виктор Орбан жеңілісін мойындап, сайлау қорытындысын «ауыр, бірақ айқын» деп сипаттады. Оның билігі кезінде Венгрия Еуроодақтың көптеген шешімдеріне, соның ішінде Украинаға бөлінетін 90 миллиард еуро көлеміндегі несиеге де блок қойып келген болатын. Сарапшылар Мадьярдың келуімен Будапешттің сыртқы саясаты түбегейлі өзгереді деп болжайды.

Украина президенті Владимир Зеленский мен Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Петер Мадьярды жеңісімен құттықтап үлгерді. Фон дер Ляйен бұл таңдауды «Венгрия Еуропаны таңдады» деп бағалады.