Мұхтар Тайжан 15 тәулікке қамауға алынды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы қоғам қайраткері, азаматтық белсенді Марат Тұрымбетов мәлімдеді

qazpolit.org

Саясаткер, мәжіліс депутаттығына экс-кандидат Мұхтар Тайжан 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы қоғам қайраткері, азаматтық белсенді Марат Тұрымбетов мәлімдеді. 

"Мұхтар Тайжанды митинг ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке қамауға алды", - деп жазды Тұрымбетов өзінің парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін полицияның Тайжанды үйінен ұстап алып кеткені белгілі болған.