Сайлаудан кейін Үкімет таратыла ма

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев жауап берді

inform.kz

Президент сайлауынан кейін Үкіметке отставкаға кетудің қажеті жоқ. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев тілшілерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформаларды әрі қарай жалғастырмаса, елде тоқырау болатынын айтты.

“Мен айтқанымдай, саяси реформаларды жалғастыру керек, әйтпесе елде тоқырау орын алады. Екінші жағынан, заң бойынша, президенттік сайлаудан кейін Үкіметке отставкаға кетудің қажеті жоқ. Бұл парламенттік сайлаудан кейін жүзеге асырылады”, –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.