Бұған қоса, дипломат Қырымды Украинаның бір бөлігі деп санайтынын жасырмады
Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шэй бұрынғы кеңестік елдердің егемендігі туралы екіұшты пікірде. Бұл туралы ол Францияның LCI телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Елшінің ойынша, бұрынғы кеңестік елдердің халықаралық құқықта ешқандай мәртебесі жоқ.
«КСРО ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттер жаһандық құқықта тиімді мәртебеге ие емес, өйткені олардың мәртебесін егеменді елдер ретінде нақтылайтын халықаралық келісім жоқ», - деді Қытай елшісі.
Бұған қоса, дипломат Қырымды Украинаның бір бөлігі деп санайтынын жасырмады. Уәжінше, ол бастапқыда Ресейге тиесілі болған, кейін Хрущев Украинаға берген.